«Алматы облысы білім басқармасының Кеген ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Іңкәрбек Жұмағұлов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен және Көкпияз бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

Тұманбай Молдағалиевтың туғанына 90 жыл

Қазақстан халық жазушысы,Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Тұманбай Молдағалиевтың туғанына 90 жыл толып отыр.Осыған орай мектеп кітапханасында “Оқуға құштар мектеп” және “Балалар кітапханасы” бағдарламасы аясында “Тұманбай Молдағалиев шығармаларын оқып, үйрену” тақырыбында оқырмандар арасында библиографиялық шолу өткізілді.
Мақсаты: Тұманбай Молдағалиевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге,оны бағалай білуге, сыршылда шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіру, рухани танымын кеңейту. Ақын мұрасын сақтау, шығармаларын кеңінен насихаттау.
Қалың қазағы “Тұмаш аға” деп еркелеткен, ақын Тұманбай Молдағалиев өз өмірін өрнектеген жан “Көңілімнен өлеңнің оты өшкен күні жер бетінде жүре қоймаспын өлеңнен өз орнымды таптым деген еді”. Ғұмырының соңғы сәттеріне дейін,ақын ата өлең жазуды тоқтатпаған.