“”Іңкәрбек Жұмағұлов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен және Көкпияз бастауыш мектебімен” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
“Оқуға құштар және мектеп” жобасы және “Балалар кітапханасы” бағдарламасы аясында 8 сынып білім алушыларымен тарих пәнінің мұғалімі Л.Н.Нусипкожаева мен сынып жетекшісі Д.Балпықованың ұйымдастыруымен М.Мағауиннің “Бір атаның балалары” повесінен оқырмандар конференциясын өткізді.
Мақсаты:
1.Оқушыларға М.Мағауиннің өмірімен шығармашылығы жөнінде мағұлмат бере отырып, шығармадағы Ахмет шал мен Зекен бойындағы өнегелі қасиеттері үлгі ету.
2. Оқушыларға шығарма кейіпкерлерін сомдата отырып , шығармашылыққа баулу,сөйлеу шеберліктерін шыңдау әртістік қабілеттерін дамыту.
3.Балаларды адамгершілікке ,бауырмалдылыққа, достыққа тәрбиелеу.