“Іңкәрбек Жұмағұлов атындағы орта мектебі,мектепке дейінгі шағын орталығымен және Көкпияз бастауыш мектебімен коммуналдық мемлекеттік мекемесінде “Отбасы мен мектеп,бала тәрбиесіндегі серіктес” атты ашық есік күні өтті.
Мақсаты: мектептегі оқу тәрбие жұмысының бала тәрбиесі мен оның жан - жақты дамуына отбасы мен жанұяның,мектептің ынтымақтастығын арттыра отырып,ата-аналарды оқу-тәрбие үдерісінің мазмұны мен әдістемесін таныстыру.
Іс - шараға ата - аналар, қамқоршылық кеңес мүшелері,аға буын ардагер ұстаздардың қатысуымен “Білікті шәкірт, білімді ұстаздан” көрме, ашық сабақтар, шебер сыныптар, “Жас сарбаз жобасы”,,“Балбөбек” шағын орталығында “Жеті лақ” ертегісі,“Оқуға құштар жобасы” және Балалар кітапханасы аясында сахналық қойылым сонымен қатар “Отбасы мекеніне саяхат” (фотогалерея) “ Бала тәрбиесіндегі ата -ананың рөлі” психологиялық тренинг, ата-аналар арасында “Әкем, шешем және мен” тақырыбында эстафеталық ойын ұйымдастырылды.Кеген аудандық оқу әдістемесі орталығының әдіскері Н.Қ.Толымбекованың қатысуымен жас маман ұстаздармен “Білім сапасын көтерудегі тиімді әдіс - тәсілдерді жоспарлау жолдары” тақырыбында дөңгелек стол өткізілді.