«Оқуға құштар мектеп» және «Балалар кітапханасы жобасы аясында «Іңкәрбек Жұмағұлов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен және Көкпияз бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 14 ақпан Халықаралық кітап сыйлау күніне «Шын жүректен кітап сыйла» атты сыныптар арасында челлендж ұйымдастырылды.
Мақсаты: Кітаптың құдіретін аттырып, оқуға деген сүйіспеншілікті ояту өзара сыйластықты қалыптастыру.
Мектебіміздегі білім алушылар өздері оқыған әдеби-ертегі кітаптарын сыныптастарына сыйға тартты.Сонымен қатар мектебіміздің ұстаздары мектеп кітапханасына көркем әдеби кітаптар сыйға берді. Кітап сыйлау мерекесі, білім алушылармен ұстаздарға ұмытылмас әсер мен ерекше сезімін сыйлады.